Таң 05:29 Күн 06:57 Бесін 13:25 Екінті 17:43 Ақшам 19:43 Құптан 21:12

Оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар

172158 14 fatua.kz

Оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар

 

Оразаны не бұзбайды? 

 

1. Ұмытып ішіп-жеу оразаны бұзбайды. Бірақ ұмытқан адам есіне түскен кезде жеуді дереу тоқтатуы керек;

2. Ұйқыдан жүніп болып ояну;

3. Әйелін сүю немесе денесіне қолын тигізуі. Мұндай жағдайларда егер мәни шықпаса, ораза бұзылмайды;

4. Әйеліне қолын тигізбесе де оған қараудан немесе шәһуәтын қоздыратын жағдайларды ойлап мәни шықса;

5. Түнде жүніп болып, ғұсыл алуды сәресі уақытынан кейінге қалдыру;

6. Аузына келген қақырықты жұту;

7. Түкірік немесе мұрынды тарту арқылы бір нәрсенің тамаққа кетуі;

8. Құлаққа су кіру, бұлық ағу;

9. Темекі түтіні немесе топырақ, шаң, ұнның тозаңы, қардың ұшқыны, жауынның тамшылары тамаққа еріксіз кірсе, ораза бұзылмайды;

10. Тістердің арасында қалған тамақ қалдықтары ноқаттан кішкене болса, оны жұту оразаны бұзбайды;

11. Еріксіз ауыз толы құсу немесе оның ішке қайта кетуі оразаны бұзбайды;

12. Қан алдыру немесе сүлік салдыру;

13. Көзге дәрі тамызу;

14. Мисуак немесе тіс пастасын қолдану оразаны бұзбайды. Бірақ пастасы ішке кетіп қалса бұзылады. Ең абзалы таң намазы кірмей тұрып тістерді жуу;

15. Тіс жұлдыру оразаға кедергі жасамайды. Бірақ жұлдырған уақытта ауыздағы қанды яки дәріні жұтпау шарт;

16. Ауыз бен мұрынға су алып шайқау оразаны бұзбайды. Бірақ тамаққа кетпеуін қадағалау қажет;

17. Душқа жуыну, теңізге, көлге түсу оразаны бұзбайды. Бірақ су жұтып қоюдан сақтануы керек.

 

 

Оразаны не бұзады? 

 

- Әдейі бір нәрсені жеп-ішу;

- Темекі шегу, насыбай ату, дәрі ішу, құрамында нәрлі заттары бар укол қабылдау;

- Аузындағы жаңбыр тамшыларын әдейі жұту; Бұл жайлы мына хадисте айтылған: «Ораза кірген нәрселерден ғана бұзылады, шыққаннан емес».

- Әйелімен жақындасу (яғни, таң намазынан ақшам намазына дейін жақындасу оразаны бұзады);

- Cебепсіз қорек немесе қоректік қасиеті бар барлық заттарды біле тұра әдейілеп жеу оразаны бұзады;

- Мұндай жағдайларда каффарат оразасын ұстау қажет. (Каффарат деп – рамазан айының оразасын себепсізден-себепсіз біле тұра бұзып жіберсе, екі ай ораза ұстауды, оған шамасы келмесе алпыс кедейді тамақтандырып, тойғызуды айтады). 

 

Оразаны кімдерге ұстамауға рұқсат? 

 

- Жолаушылық; (сапарда ауыз бекітпеуге болады, бірақ басқа күндерде санын толтырып ораза ұстайды).

- Жүктілік пен бала емізу; (егер денсаулығы мен баласына зиян келуден қорықса ораза ұстамай кейін қазасын өтесе болады).

- Ауру-сырқау; (сенімді дәрігер ораза денсаулығына зиян тигізетінін жан-жақты анықтап барып айтса, жазылған соң ұстауға болады).

- Кәрілік; (қартайып оразаны денсаулығы көтермейтін кісілер бір кедейдің таңғы және кешкі асын беріп тойдырады. Оған шамасы келмесе тәубе етеді).

  • Хайыз (етеккір) бен нифас; (бір әйел ораза кезінде етеккір көрсе немесе босанса ораза бұзылады. Мұндай жағдайда тоқтаған соң қазасын өтейді).  

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі

Пікірлер

Данияр | 23/05/2018

Ассаламу алейкум!!! меним сурагым бар еды, меним акем бил кайтыс болды, 1. мен акемнин орнына ораза устасам боладыма рамазан айында, ол акеме сауап ретинде жетедиме? 2. жане кандай сауапты истер, амалдар истесем акеме жетеды? 3. нафил оразасы дуйсенби, бейсенби акемнин атынан устам, ол калай болады? рахмет!!!

admin | 19/05/2019

Уа ъаләйкум әссәләм, Иманды болсын! 1, 3) Жоқ, Сіз әкеңіздің орынына ораза ұстай алмайсыз. 2) Әкеңіздің атынан қажылыққа бару, адамдарды тамақтандыру, құран оқу, дұға бағыштау сынды амалдардың сауабын бағыштай аласыз...

Айнур | 25/05/2018

Сәресіне ұйқтап қалса ораза бұзылама? Әлде арықарай тамақ ішпей ұстай беруге болама?

admin | 19/05/2019

Әссәләму ъаләйкум, адам ұйықтап қалғаны үшін оразасы бұзылмайды...

махсат | 30/05/2018

Ассаламуалейкум Оразаны не бұзады дегенде -Әйелімен жақындасу (яғни, таң намазынан ақшам намазына дейін жақындасу оразаны бұзады); делінген сонда ауыз ашып болған соң (яғни ақшам намазынан таң намазына дейін болама ?) Жақындасу дегенді қалай түсінуге болады

admin | 19/05/2019

уа ъаләйкум әссәләм, иә ораза кезінде жақындасуға болмайды. Нақтырақ айтсақ төсек қатынасынан тыйылуыңыз қажет! Және тіпті ораза кезінде жарыңызды сүю, аймалау секілді амалдардан да барынша тыйылғаныңыз жөн, себебі шәхуаттың (сезімге беріліп өз-өзін ұстай алмау) оянып кету қауіпі бар...

Еркебулан | 31/05/2018

Ассаламу алейкум! Мен жаман түс көріп жүніп болдым ораза бұзылады ма? (түс жартылай ояу жартылай ұйқы кезінде болды)

admin | 19/05/2019

уа ъаләйкум әссәләм, ондай кезде ораза бұзылмайды. 

Балшат | 06/06/2018

Ассалаумағалейкум. Сәресі ішуге бір сағат кешігіп қалса, сонда да ниет етіп сәресі ішіп ауыз бекітсе ораза бұзылады ма?

admin | 19/05/2019

уа ъаләйкум әссәләм. Сәреге тұрудың үкімі - парыз емес, бәлки мұстахап амал. Таң намазы уақыты кіріп кеткен болса, ниет етіп ары қарай жалғастыра бересіз оразаңызды. Алайда ниет еткеннен кейін ешқандай нәрсе жемеуіңіз керек, ішпеуіңіз керек, әйтпесе оразаңызды бұзып аласыз! 

Омарбек | 04/05/2019

Ассалаумағалейкум! Таң намазының уакытын накты биле алмай(кейіннен билип), таңертең таң намазынан соң 2минут өткенде ауыз бекитип койса не истеу керек. Жалғастыруға болады ма әлде сол күнгі ораза бузылды ма?

admin | 19/05/2019

Уағалейкум әссалам уа рахматулла! Сол күні жалғастырып, кейіннен тағы бір күн қарыз ұстап беру керек

Ахмет | 10/05/2019

Ассаламуалейкум сурайн дегеним ер адам айел адамнын денесин устаса ораза бузылама (ерлі зайпты емес)

admin | 19/05/2019

Уағалейкум әссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Жоқ, бұзылмайды. Алайда, күнә болады. Себебі, бір-біріне бөтен ер мен әйелдің денесін ұстауға болмайды.

Амангелді | 10/05/2019

Ассалаумалейкум! Ауыз ашқаннан кейін əйелімен жақындасқан соң ғұсыл құйыну керек пе?

admin | 19/05/2019

Уағалейкум әссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Иә, Ауыз ашқаннан кейін əйелімен жақындасқан соң ғұсыл құйыну керек 

Siko | 13/05/2019

Ассалаумагалейкум уа рахматулляхи баракату егер ауыз бекитип уйкылы ояу айелинмен жакындасып койса бузыладыма??

admin | 19/05/2019

Уағалейкум әссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ!

1) Біле тұра қосылған болса, қазаны да, каффаратты да өтейді.
2) Ұмытып жыныстық қатынасқа барса, сосын есіне түсіп бірден тоқтаса, оразасы бұзылмайды. Ал әрі қарай мәни төгілгенше жалғастырса, ғалымдардың пікірі екіге бөлінеді: біріншісі, қазасын өтейді, екіншісі қаза һәм каффарат өтейді, делінген. Үкім тұрғысынан бірінші пікірге тоқталуға болады, екінші пікірді ұстану тақуалыққа жатады. Сіздің мәселеңіз де осы жағдайға ұқсас.
3) Оразада ұйықтап қалған әйеліне куйеуі жақындаса, әйелі оразасын қаза етеді, каффарат өтемейді.
(«Фәтауаи Һиндия», 1/131)

Асқар | 14/05/2019

Ассалаумағалейкум, ауыз бекіткен соң қарапайым кино қарап отырып мәни бөлінсе ше? Ораза бұзылады ма? Және үкімі қандай?

admin | 19/05/2019

Уа алайкум салам! 1) Ұйықтап жатып былғанса, ораза бұзылмайды. 2) Әйелге қарап, қиялдап, мани шықса, ораза бұзылмайды, бірақ макрух. 3) Мастурбация жасап, мани шығарса, ауыз ашылады әрі күна болады. Сіздікі екінші мәселеге ұқсайды. Бірақ ұятсыз киноларға қараудың күнә екенін ескеру керек.

Ппп | 15/05/2019

Ассаляму алейкум!Антибиотик кабылдаганнан кобине жыныс мушесинде зуд пайда болады.Ораза кезинде соны шыдамай касыганнан,урык болинсе ораза бузылады ма?

admin | 19/05/2019

Уағалейкум салам! Қышуды басу үшін жыныс мүшесін қасылағанда ұрық шықса, ораза бұзылады. Қазасын ғана ұстайды, каффарат өтемейді.
Қолымен жыныс мүшесін ұқалағанда ұрық шықса, ораза бұзылады(«Марақил фалах», 544)

*** | 20/05/2019

Егер киши даретпен бирге кан шыкса ораза бузылады ма?

admin | 20/05/2019

Жоқ, бұзылмайды...

Бағлан | 25/05/2019

Бағлан. Жаман ойлар келіп ойлаған кезде, кішкене тамшылар шығып кетсе Ораза бұзылама?

admin | 25/05/2019

Жоқ, ол оразаны бұзбайды...

Умар | 29/05/2019

Мәзи шықса ораза бұзыладыма ?

admin | 30/05/2019

Мәзи бұзбайды...