Рамазанның екінші 10 күндігі - кешірім күндері
1195
Мәшһүр хадисте айтылған кешірім уақыты атауына ие болған Рамазан айының екінші он күндігі де келіп жетті.
Баршамыз Жаратқанның кешіріміне мұқтажбыз, себебі бұрын-соңды қателеспеген, жаңылыспаған адам болмайды.
Ардақты Елші ﷺ:
Рамазан айы – өткен жылға қорытынды жасап, үлкенді-кіші қате-күнәларымызға тәубе етіп, Жаратқаннан кешірім сұрайтын ай. Бәлкім, абайсызда әлдекімді ренжітіп алған болармыз немесе біреуге әділетсіздік жасаған да болармыз. Мүмкін ұзақ уақыт ата-анамыздан хабарсыз кеткен болармыз я болмаса қандай да бір туысымызға бармай кеткен шығармыз, әйелімізге не баламызға тым аз уақыт бөліп жатқанымызды аңғармауымыз ықтимал. Бұл ай осыған ұқсас кемшілік пен қателіктердің орнын толтыратын кез.
Алла Тағала ықыласты жүрегімен тәубе еткен кез келген пенденің тәубесін қабыл алатынын айтқан:
Рамазан айында ораза тұтқан жанның дұғасы қайтарылмайды:
Алла Тағала кез келген тәубе етушінің тәубесін қабыл етеді, алайда тәубе қабыл болуының мынадай шарттары бар:
Жасаған күнәға шынайы өкініп, екінші мәрте сол қателікке бармау керек.
Тәубе келісім шарт секілді болмауы тиіс.
Тәубе ету жай ғана діни салт, діни нышана болып табылатын адам «кейін тәубе ете саламын, Құдай кешірімді ғой, кешіреді» деген ұстаныммен өмір сүреді. Мұндай тәубе жайлы хадисте:
Егер өзгелерді ренжітіп, өсек айтып, алдап-сулап, ақысын жеген болсақ ол кезде Жаратушыдан ғана емес, сол адамның өзінен де кешірім сұрау қажет.
Кешірім сұрау жайлы сөз қозғаған кезде айта кетерлік жайт, баршамыз Раббымыздың кешірімін, өзіміз ренжітіп алған кісінің кешірімін алуды қалаймыз, бірақ өзіміз өзгені кешіре аламыз ба?
Кез келген қарым-қатынас өзара реніш, келіспеушіліктен тұрмауы мүмкін емес, себебі бәріміз – адамбыз, оқтын-оқтын нашар көңіл-күй мен нәпсінің жетегінде жүріп, менмендікке де салынамыз. Орынсыз жерде әзілдеп қаламыз, ауырып тұрып, қатты сөйлеп, уәде беріп ұмытып кетеміз, осының салдарынан өкпе-реніш туады.
Сондықтан да өзге жандарға кешіріммен қарап, өзіміздің де қателесуге бейім екенімізді ұмытпауымыз керек. Құран барша адамзат баласын бір-біріне мейірімді болуға шақырады:
Бірде Иса пайғамбар шәкірттеріне мына оқиғаны баяндап береді. Бір уәзір өзінің қожайынына, бір елдің патшасына қомақты ақша қарыз болады. Қарызын төлей алмайтын болған кезде әлгі патша оның бар мүлкін сатып, өзін зынданға тастауды бұйырады. Алайда ол біраз уақыт беруін сұрап, жалбарынғанда патша барлық қарызын кешіріп, ол адамды босатып жіберген екен.
Патшаның қолынан босап шыққан әлгі уәзір өзіне қарыз болған танысын кезіктіріп қалады. Өзіне қарыздар адамға кешіріммен қараудың орнына, оны түрмеге жауып тастайды. Өзінің уәзірінің бұл ісінен хабардар болған патша ашуланып: «Сен қатыгез адамсың! Досыңды дәл мендей кешіре алмадың ба?»,- деген екен.
Бұл қиссадан өзімізді әлгі уәзірдің кейпінде көре аламыз. Раббымыз біздің таудай күнә-қателіктерімізді кешіріп жатқанда, өзге пенделердің қателіктерін кеше білмейміз.
Рамазан айының екінші он күндігінде Хақ Тағала барлық күнә-қателіктерімізді кешіреді. Олай болса, біз де өзгелердің қателіктеріне көз жұма, кешіріммен қарайық.