РАМАЗАНДАҒЫ ЕКІ СӘТ
498
Рамазан айы келгенде көпшілігіміз өзімізде және өмірімізде өзгерістердің болғанын қалаймыз. Осы орайда Рамазан айында қолдануға қолайлы, өте қарапайым әрі тиімді тәсілдің барын білсек те, немқұрайлы қараймыз. Шариғатымызда бұл уақыттың алар орны айрықша әрі сол уақытта жасалған дұғаның құны өлшеусіз. Бұл сәт Алла Тағалаға табандай жақын болудың таңғажайып кезеңі.
Сәресін жіберіп алмауға тырысу керек. Алайда тамақтан құр қалу мақсатында емес, Жаратушымен оңаша қалуды мұрат еткен абзал. Жазғы уақытта сәресіне ояну қиындау болары сөзсіз, себебі таң намазы ерте кіреді. Бірақ бұл уақыт біздерге ғажайып мүмкіндіктер беретінін есте ұстаған жөн. Сәресіге тұрып, түнгі намаз оқу арқылы Жаратушыға жақын боламыз.
Алла Елшісі ﷺ сахабаларына сәресі ішуді бұйырып, оларға түнгі намаздың құндылығын естеріне салып отырған.
Сәресі ішу – сүннет амал. Баршамыз таң сәріден тек табиғи азыққа ғана емес, рухани азыққа да мұқтаж болып жүретініміз жасырын емес. Олай болса, ақыры оянған болсақ, таң намазына дейінгі уақытта намаз оқып, дұға тілеп үлгеруге тырысуымыз қажет.
Имам Шафиғи:
Осы қасиетті уақыттың мүмкіндігін пайдаланып Жаратушыдан осы дүниедегі және о дүниедегі қажетіңізді сұрауға болады. Тым болмаса Алла Тағаладан ұстаған оразаңыздың жеңіл болуын сұраңыз. Егер уақыт жеткілікті болса, таң намазының алдында екі бас түнгі намаз оқыған дұрыс.
Оразаңызды ашпас бұрын 1-2 минут уақытыңызды дұға етуге арнаңыз. Алла Тағаладан мейірімі мен кешірімін сұраңыз. Алла Елшісі ﷺ ораза тұтушы жанның ауыз ашар сәттегі жасаған дұғасы міндетті түрде қабыл болатынын айтқан. Ендеше, жұмыста болсын, үйде не мешітте болсын баға жетпес сәттің таптырмас мүмкіндігін жіберіп алмайық. Ойыңызды жинақтап, әлемдердің Раббысына қол жайып, жауһар тілегіңізді, сырлы дұғаңызды жасаудан қапы қалмаңыз.
Әдетте күнделікті күйбең тірлікпен арнайы дұға етуге уақыт бөлетін мүмкіндік болмауы бек мүмкін. Олай болса, дәл осы айдағы баға жетпес осы екі сәттің мүмкіндігін пайдаланып, Алланың рақымын іздеуден талмайық.
Егер осы «екі сәтті» сәтті пайдаланар болсақ, міндетті түрде нәтижесін көреміз.