Ораза ғибадаты
609 Ислам ғылымхалы
Оразаның сөздік мағынасы – бір нәрседен алыстау. Шариғат терминінде ораза – ұстауға күші жеткен адамның ниет етіп, екінші шапақтан бастап, күн батқанға дейін оразаны бұзатын нәрселерден сақтануы. Ораза белгілі бір уақыт ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу. Мұның парызы – ішіп-жеу мен құмарлық сезімдерден сақтану.
Оразаның уақыты: Таңның атуынан күннің батуы-на дейінгі уақыт. Күн мен түн болмаған жерлерде сол аймаққа ең жақын жердегі күн мен түні бар аймақты негізге ала отырып ораза ұстайды. Алла Құранда былай дейді: «Таңнан, қара жіптен ақ жіп (қараңғылықтан сәуле) ажыратылғанға дейін ішіңдер, жеңдер, сосын оразаны кешке дейін ұстаңдар»276309. Мұнымен күн мен түннің арасындағы шекараны айтқан. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Біләл түн уақытында азан оқиды, ибн Умми Мәктумның азанына дейін ішіп-жеңдер»310. Яғни, Біләл сәресі үшін ибн Мәктум болса таң намазы үшін азан оқитын.