Сәресінің хикметі неде?
992 Руслан Қамбаров
Сәресінің берекеті
Сәресі ішу дегеніміз – сүннетті орындау, кітап иелеріне ұқсап қалмау, құлшылыққа күш-қуат жинау, белсенділікті арттыру, аштық себепті жаман мінездің пайда болуын алдын алу, садақа беруге жігерлендіру, дұға-тілек етуге мүмкіндік.
Сәресінің бірнеше хикметі бар, олар:
1. Құлшылыққа күш-қуат беруі.
2. Кітап иелеріне ұқсамау. Өйткені, олар ораза тұту үшін сәресі ішпейді.
Амр бин Ас (р.а.) Пайғамбарымыздың: «Біз ораза мен кітап иелерінің оразасының айылмашылығы – сәресі ішуде»,[2] – дегенін жеткізген.
Сәресі уақыты
Хадисте Зайд бин Сабиттің (р.а.) Пайғамбармен (с.ғ.с.) бірге сәресі ішіп, сосын намазға тұрады. Әнас: «Екеуінің арасы қанша уақыт болды», – деп сұрағанда, Зайдтың: «Елу аят шамасынша»,[3] – деп жауап бергені баяндалады.
Бұл Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) таң атқанға аз уақыт қалғанға дейін сәресі ішкенін білдіреді.
Сәресінің мөлшері
Әбу Сағид Худрий (р.а.): «Сәресі – берекелі ас. Оны тастаушы болмаңдар. Тіпті, бір жұтым су ішсеңдер де...»,[4] – деген риуаят жеткізеді.
Ең абзал сәресі
Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Мұсылманның сәресісі болған құрма неткен тамаша»,[5] – деп айтылған. Демек, сәресіде құрма жеу де абзал амалдар қатарына жатады.