Tań 05:33 Kún 07:01 Besіn 12:03 Ekіntі 15:05 Aqsham 16:54 Quptan 18:22

Пайғамбарымыз (ﷺ) қанша жыл ораза тұтқан?

11068 muftyat.kz

Пайғамбарымыз (ﷺ) қанша жыл ораза тұтқан?

Сұрақ: Пайғамбарымыз (ﷺ) қанша жыл ораза тұтқан?

 

Жауап: Ардақты пайғамбарымыз (ﷺ) ғұмырында тоғыз Рамазан оразасын тұтқан. Имам ән-Науаи: «Алла елшісі (ﷺ) тоғыз жыл рамазан оразасын тұтқан. Себебі, ораза һижраның екінші жылы шағбан айында парыз болған еді. Ал, пайғамбарымыз (ﷺ) һижраның он бірінші жылы рабиул әууал айында дүние салды[1]», – деген дерек жазған.


 

[1] Әл-Мажмуғ, 6/205