Tań 05:33 Kún 07:01 Besіn 12:03 Ekіntі 15:05 Aqsham 16:54 Quptan 18:22

Ауыз бекіту дұғасы мен ауыз ашар дұғаларын қазақша айтуға бола ма?

25395

Ауыз бекіту дұғасы мен ауыз ашар дұғаларын қазақша айтуға бола ма?
Сұрақ: Ауыз бекіту дұғасы мен ауыз ашар дұғаларын қазақша айтуға бола ма?

Жауап: Ұлы жаратушы барлық ұлттардың тілімен қоса іштегі айтылмаған тілектерін де біледі. Сондықтан ауыз бекіту дұғасы мен ауыз ашар дұғаларын арабша айту шарт емес, әр ұлт өз тілінде айтса да болады.