ҚҰРАНДАҒЫ ЕҢ ЕРЕКШЕ АЯТТАР
3530
Құран - ең күдігі жоқ ақиқи кітап.
Құран - ең түпнұсқа ескі кітап.
Құран - ең көп оқылатын кітап.
Құран - ең көп жатталатын кітап.
Құран - ең көп зерттелетін кітап.
Құран - ең асыл мұра болып қалған мұғжиза кітап.
Құран - ең ғажайып сөз һәм сөйлем құрылысы тұнған кітап.
Ең көп есімі бар сүре - Фатиха.
Ең озық дұға үлгісі - Фатиха сүресі.
Ең Құранның мазмұнын қамтыған Фатиха сүресі.
Ең алғаш түскен Ғалақ сүресінің алғашқы 5 аяты.
Ең көп сүре Меккелік.
Ең ұзын сүре - Бақара сүресі.
Ең ұзын аят - Бақара сүресінің 282 аяты.
Ең қысқа Аср, Кәусәр және Наср сүрелері. Үш аяттан тұрады.
Ең аяттары қысқа сүре - Кәусар сүресі.
Ең ақида яғни сенім мәселесін жан-жақты қысқа-нұсқа қамтыған Ықылас сүресі.
Ең соңғы түскен аят - Бақара сүресінің 281 аяты.
Ең ұлық аят - Бақара сүресінің 255 аяты.
Ең соңғы түскен сүре - Наср сүресі.
Ең ерекше сүре - бісмілләсіз басталған Тәубе сүресі.
Ең ерекше Бісміллә бір аяты болып келген Нәміл сүресі.
Ең көп хуруфул-муқаттаға әріптерімен басталған Мәриям сүресі.
Ең алғашқы Лафзатуллаһ Фатиха сүресінде.
Ең көп қайталанатын Лафзатуллаһ.
Ең барлық аятында Лафзатуллаһ кездесетін Мужәдәлә сүресі.
Ең алғашқы әл-Әсмәәул-хуснәә Фатиха сүресінде келген әр-Рабб.
Ең соңғысы Нас сүресінде келген әл-Иләәһ.
Ең көп әл-Әсмәәул-хуснәә Хашр сүресінің 22-24 аяттарында жинақталған.
Ең көп шоғырланған хуруфул-муқаттаға әріптері Мәриям сүресінің бірінші аятында.
Ең қысқа аятпен басталатын «Та-һа» сүресі.
Ең алғашқы аяттары "Ха-миим" деп хуруфул-муқаттағамен басталатын Ғафир, Фуссилат, Шура, Зухруф, Духан, Жәсия
және Ахқаф.
Ең ерекше бәрі хуруфул-муқаттаға әріптерімен басталатын сүрелер 25-ші парада.
Ең ерекше екі аяты қатар хуруфул-муқаттаға әріптерімен басталатын Шура сүресі.
Ең көп аяты қайталанған Рахман сүресі.
Ең көп аты аталатын ана - Мәриям анамыз.
Ең көп келетін етістік - суләси мужаррад сахихта (ғ-л-м) яғни ғалимә.
Ең көп келетін етістік - суләси мужаррад әжуафта (қ-у-л) яғни қаалә.
Ең көп суләси мәзидте әәмәнә етістігі.
Ең ескі үй - Қағба.
Ең алғаш кездесетін сәжде аяты Ағраф сүресінде.
Ең соңғы кездесетін сәжде аяты Ғалақ сүресінде.
Ең көп аяттан тұратын және ішінде сәжде аяты бар сүре - Ағраф сүресі.
Ең аз аяттан тұратын әрі ішінде сәжде аяты бар сүре - Ғалақ сүресі.
Ең ұзын жеті сүре Құранның 9 параға жуығын қамтиды.
Ең көп сүре шоғырланған 30-шы пара.
Ең әз елшіні қартайтқан Һуд сүресінің 112-аяты.
Ең керемет хикая Юусуф сүресінде.
Ең бекем сөз Ибраһим сүресінің 27-аятында.
Ең көркем сөз - Фуссилат сүресінің 33-аяты.
Ең шынайы сөз деп Ниса сүресінің 122-аяты.