Таң 06:03 Күн 07:36 Бесін 12:05 Екінті 14:37 Ақшам 16:24 Құптан 17:57

Алдыңғы оразадан қарызы бар адам не істейді?

3239

Алдыңғы оразадан қарызы бар адам не істейді?
Сұрақ: Алдыңғы оразадан қарызы бар адам не істейді?

Жауап: Ханафи мәзхабы бойынша өткен оразадан қалған қарыз күндерді осы келе жатқан рамазанға дейін өтеу шарт емес. Өйткені, Алла Тағала Құран Кәрімде:

«Кімде-кім сырқаттанса немесе жолға шықса (аузын ашуға рұқсат) басқа күндері қазасын өтесін»[1], – дей отырып, Алла қаза ету уақытын шектемей, жалпылама айтып отыр.

Сондықтан да, келесі рамазан айына дейін өтеу міндет емес. Десек те, оразаның қазасын тездетіп келесі оразаға дейін өтеп тастағаныңыз абзал [2].

[1] "Бақара" сүресі, 185-аят
[2] Бахрур Раиқ – 2/499-бет