Таң 06:03 Күн 07:36 Бесін 12:05 Екінті 14:37 Ақшам 16:24 Құптан 17:57

ПАЙҒАМБАР ﷺ ЗАМАНЫНДАҒЫ РАМАЗАН ҚАНДАЙ ЕДІ?

440 Тәржімалаған: Әбдікерім Берікбай Германұлы

ПАЙҒАМБАР ﷺ ЗАМАНЫНДАҒЫ РАМАЗАН ҚАНДАЙ ЕДІ?

 

Рамазан айындағы иътикаф

Пайғамбарымыз ﷺ  Рамазанның соңғы он күнінде Мәсжидун-нәбәуиде иътикафқа отыратын-ды. Тіпті деректерде мешіттің ішінде шатыр тігіп парыздан соң зікір, құлшылық және Құран оқу үшін осы шатырға кіретіндігі риуаят етіледі. Мінекей осы сәттерде мынадай бір жағдай болағанын Әбу Зәрр жеткізеді: «Рамазанның соңғы он күні болғанда Алла елшісі мешітте иътикафқа отырды. (Рамазанның) 22-сіне сәйкес келетін дүйсенбі күні екінті намазын өткізіп сосын былай деп хабарлама жасады: «Бүгін түнде намаз оқимыз, Алла жазса. Түнде намаз оқығысы келгендер оқысын!» Бұл түн рамазанның 23-і болатын. Пайғамбарымыз ﷺ  құптаннан кейін жамағатпен түннің үштен бірі болғанша намаз (тәһажжуд/тарауих) оқыды, сосын аяқтады. Сосын 24-і болғанда ештеңе демеді, түнде намазға да келмеді. Сосын 25-ін меңзеп, былай деді: «Алла жазса, Бүгін түнде намаз оқимыз. Түнде намаз оқығысы келгендер оқысын!» Түннің үштен бірі болғанша намаз (тәһажжуд/тарауих) оқып, сосын аяқтады. 26-ы болғанда ештеңе демеді, түнде намазға да келмеді. 26-ы екінті намазын өтеп болған соң тұрып, 27-і түнді меңзеп «Алла жазса, Бүгін түнде намаз оқимыз. Түнде намаз оқығысы келгендер оқысын!» Әбу Зәрр әңгімесін ары жалғап: (сол түні) түнгі намаз үшін жиналдық және Алла елшісі бізге түннің үштен екісі болғанға дейін намаз (тәһажжуд/тарауих) өткізді. Содан кейін мешіттің ішінде тігілген иътикаф шатырына кірді. Мен ол кісіге уа Алланың елшісі! Таңға дейін бізге намаз өткізуіңізді қатты қалаймыз дегенімде, былай деді: «Уа, Әбу Зәрр! Сен имамыңмен осы намазды оқып аяқтағаныңда, түннің барлығын құлшылықпен өткізген сауабына кенелесің». Пайғамбар ﷺ   осылайша бір-ақ рет жасады. Парыз санап кетуінен қорыққаны үшін (жамағатпен өтеуге) жалғастырмады

Рамазан айты

Рамазан аяқталған соң Пайғамбарымыз ﷺ  алғаш рет айт намазын жариялады және мереке де мұқтаж жандардың жүзі күлуі үшін сәл болсада жәрдемдесу болып саналатын фітір садақасының берілуіне бұйрық берді. Ибн Аббас бұл жайлы былай жеткізеді: «Алла елшісі пітір садақасын ораза тұтқан кісіні бос және жаман нәрселерден тазарту және кедейлерді тойдыру үшін парыз (уәжіп) етті. Кімде-кім пітір садақасын айт намазынан бұрын берсе қабыл (үлгерген) болады. Ал кімде-кім кейін беретін болса, ол кәдімгі садақа болып саналады». Айт күні Арда елші ғұсыл құйынды және айт намазын мешіттің сыртында азан мен қамат айтастан кең бір алаңқай жерде өткізді. Намаздан кейін хұтпа айтты. Әрдайым жүретін жолынан басқа бір жолмен үйіне оралды. Пайғамбарымыз ﷺ   айт намазын тәкбир (Аллаһу әкбар) таһлил (Лә иләһәә илаллаһ) деумен қарсы алатын.

Мәдинадағы кейінгі Рамазан

Бұдан кейінгі жылдардағы Рамазан айы тыныштықта өтіп, қандай бір жорық және соғыс орын алмаған болатын. Сахабалар оразаларын ұстап, түңгі құлшылықтарын атқарып отырды. Құтты көштің үшінші жылы рамазан айының ортасында Пайғамбарымыздың ﷺ  жиені Хасан дүние есігін ашты. Бұл жағдай пайғамбарымыздың үйін және Мәдинаны үлкен бір қуанышқа бөледі. Жоғарыда айтылғандай Пайғамбарымыздың ﷺ  Мәдинада болған кезінде рамазанның соңғы он күнінде иътикафқа отыратын еді. Сондай-ақ әрбір рамазан айында Жәбірәйіл мен Құранды муъарада жасайтын. Пайғамбарымыздың ﷺ  түнгі намаздарының қиямын/аяқта тұруын өте ұзаққа созатын (ұзынсонар сүрелер оқитын). Бәлки, оның оқыған Құранын Жәбірәйіл тыңдайтында осылайша аталмыш муъарада жүзеге асатын болар. Құтты көштің сегізінші жылы рамазан айында Мекке фатх болды. Құтты көштің тоғызыншы жылы Тәбук жорығына аттанған Алла елшісі он күннен астам болған соң кері қайтты және рамазанның алғашқы күндерінде Мәдинаға келіп жетті. Сол жылғы рамазан айында Тайф және Иемен секілді аймақтардан елшілер келіп Арда елшімен жолықты. Құтты көштің оныншы жылы рамазан айында Пайғамбарымыз Мәдина да болды. Берекелі ғұмырының соңғы жылында өмір сүруде еді. Соңғы рамазан айында 20 күн иътикафқа отырды және Жәбірәйіл мен Құранды екі мәрте муъарада жасады. Әрбір жыл сол күнге дейін түскен сүре, аяттарды Жәбірәйілмен муъарада жасайтын.