Таң 06:19 Күн 07:55 Бесін 12:10 Екінті 14:27 Ақшам 16:14 Құптан 17:50

Әйел адамның иғтикәфі

465 Абдуссамад Махат

Әйел адамның иғтикәфі
Әйел адам иғтикәфын мешітте өтеуі – мәкрүһ тәнзиһ. Осы себептен әйелдердің ътикәфтің үйдегі арнайы орында[1] өтуі тиіс.[2] Ол болмаса, онда иғтикәф үшін арнайы бір орын белгіленеді.[3]

Негізінде әйел адам әрдайым сырт көзден барынша сақтанғаны жөн. Мұның мәнісі: өзгелердің ниеті бұзылмауына себепкер болмау.Бұл біреудің жеке басының ой-пікірі емес. Бұл – Хақ Тағаланың талабы.Осы себептен шариғат бойынша қыз бала балиғатқа жеткен шақтан бастап бойын сырт көзден жасыруы тиіс. Әйелдің бойын жасыратын киімді «хижәб» деп айтады. Ислам әйелдерге хижаб киюін ұсыну арқылы оларға ер адамдардың сұқтанбауын, киім кию мен жалпы сырт пішінінде жарасымдылық туғызу талабын ғана қояды. Бұл жағдайда хижаб қимыл-қозғалысқа кедергі болатын бұғау емес, керісінше әйелдің қорғанышы мен сақтығы.

Хижаб жамылу Ислам дініндегі тәрізді христиан дінінде де ізгілік болып есептеледі. Бұған дәлел монах әйелдердің киетін киімі. Монах әйелдердің киімі бет пен қолдың білезікке дейінгі жерінен басқа бүкіл дене мен шашты жауып тұрады. Евангелиенің өзі де мінажат еткенде әйел адамнан шашын жабуын талап етеді емес пе?! Рим папасы әйел адамды қабылдаған уақытта, ол мейлі президенттің жұбайы немесе басқа бір белгілі қайраткер болсын, әйел кісі міндетті түрде шашын жабады. 

 



 

[1]ол әйелдің бөлмесі не болмаса үйдегі намаз оқығанға арналған орын болуы мүмкін.

[2]«Әл-фиқһу ъаләл-мазаһибил-арбаға».

[3]«Фадаил-аъмәл».