Қаз Рус Qaz قاز
Таң 03:55 Күн 05:48 Бесін 13:41 Екінті 19:01 Ақшам 21:24 Құптан 23:17

Оразаға қатысты сұрақ-жауап

02/05/2019 123009 25 muftyat.kz

Оразаға қатысты сұрақ-жауап

С: Ислам дініндегі оразаның үкімі қандай?

Ж: Рамазан айында ораза тұту әр бір ер және әйел мұсылманға парыз. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Уа иман келтіргендер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз болды, бәлкім сақтанарсыңдар. Санаулы күндерде», – деген. (Бақара, 183). Рамазан айынан басқа уақытта тұтылған ораза ерікті болып есептеледі. Мұнан өзге тұтуға міндетті ораза түріне нәзір (серт) етіп, бірақ уақытында тұта алмаған ерікті оразаның қазасы ғана жатады. Ораза араб тілінде саум деп аталады.

 

С: Саум – ораза сөзінің анықтамасы қандай?

Ж: Саум араб тілінде бірлық нәрседен тыйылу деген мағынаны білдіреді. Ал, шариғаттағы мағынасы таң атқаннан күн батқанға дейін ораза ниетімен ішуден, жеуден және төсек қатынасынан тыйылу.

 

С: Рамазан айында кімге ораза тұтпауға рұқсат етіледі?

Ж: Алыс жолға шыққан жолаушыға, ораза ұстаса ауруы асқынып кететін науқасқа рамазан айында ораза тұтпаса болады. Бірақ кейін қазасын өтейді. Ораза көп зарар бермейтін жолаушыға ораза тұту абзал.

 

С: Жағдайларына байланысты ораза тұта алмаған жолаушы немесе науқас қайтыс болып кетсе, сол ораза мойнында қарыз болады ма?

Ж: Жоқ, қарыз болмайды.

 

С: Жолаушы еліне қайтса немесе науқас айықса, оразаларының қазаларын тұтулары керек пе?

Ж: Иә, тұтуға тиісті.

 

С: Рамазан айында жолаушы мен науқастан басқа адамға ораза тұтпауға рұқсат жоқ па?

Ж: Екіқабат әйел мен емізулі баласы бар әйелдер өздерінің, балаларының денсаулығы үшін қауіптенсе ораза тұтпауларына болады. Бірақ кейін қазасын өтеулері парыз.

 

С: Рамазан айында кімге ораза тұтуға рұқсат етілмейді?

Ж: Рамазан айында етеккірі келген әйел мен босанғаннан кейін қан көрген әйел ораза тұтпайды. Өйткені етеккір мен нифас қаны ораза тұтуға кедергі болады.

 

С: Рамазаннан кейін қазаларын тұта ма?

Ж: Иә, ораза тұтпаған күндерінің қазасын өтеуі тиіс.

 

С: Ораза тұтпай, қазасын да өтемей, оның орнына фидия беруге бола ма?

Ж: Өте кәрі кісілерге ораза тұтпай, орнына фидия берулеріне болады.

 

С: Өте кәрілер деген кімдер?

Ж:  Рамазан да, одан кейін де ораза тұтуға әл-қуаты жетпейтін қарт кісілер.

 

С: Сапарда не ауруы болуы себепті оразаны уақытында тұта алмай, Рамазаннын кейін де уақыты бола тұра тұтпаған адамға ажал келсе не істеуі керек?

Ж: Алладан кешірім тілеп, тәубе жасайды. Артында қалған ұрпақтарына тұтпаған оразасы үшін әр күніне бір міскінді жарты сағ бидай (1,625 кг) немесе бір сағ (3,25 кг) құрма немесе арпамен тамақтандыруды өсиет етеді.

 

С: Рамазан айы кезінде балиғатқа толған бала немесе мұсылман болған адам не істеуі қажет?

Ж: Олар оразаның қалған күндерін тұтады.

 

С: Мұсылман болған күнінің немесе балиғатқа толған күнінің қазасын тұтуы керек пе?

Ж: Ол күннің қазасын тұту шарт емес.

 

С: Рамазан айында есінен танған адамның үкімі қандай?

Ж: Рамазан айында ораза тұтуға ниет етіп, күндіз есі ауса бұл күннің қазасын өтеу парыз емес. Есінен тануы көпке созылса айыққан соң кейінгі күндердің қазаларын өтейді.

 

С: Рамазан айында жынды адамның ақылы кірсе не істейді?

Ж: Қалғанын тұтып, өткен күндерінің қазасын өтейді.

 

С: Рамазан айында күндіз оразаға ниеттенбеген жолаушы оқыс үйіне оралса немесе етеккірі бар әйелдің етеккірі тоқтаса не істейді?

Ж: Бұл рамазан айының құрметі үшін сол күннің қалған бөлігін тұтады.

 

С: Оразаның мәкруһтері қандай?

Ж: Оразада сүйісу, тағамның дәмін татып көру, сағыз шайнау, мисуактан басқа щетка сияқты нәрселермен тістерін тазалау мәкруһ істерге жатады. Әйелге жас баласына тамақ шайнап беруі мәкруһ. Баласын тамақтандырудың басқа лажын таппаса солай істеуіне болады.

 

 С: Рамазан айының қазасын үздіксіз түрде тұту керек пе?

Ж: Үздіксіз тұту шарт емес. Қаласа бөліп, қаласа үздіксіз жалғастырып тұтады.

 

С: Келесі рамазан айы келгенше кешіктірсе не істейді?

Ж: Бірінші келіп тұрған рамазан оразасын тұтады. Бұл рамазаннан соң алдыңғы рамазанның оразасының қазасын тұтады. Кешіктіргені үшін айып төлемейді.

 

С: Рамазан айының қазасын өтей алмай ажалы таяп, өлер шағында артындағыларға қалған малынан фидия беруді өсиет етсе, артында қалғандардан не істеуі керек?

Ж: Бұл өсиет марқұмның мал-мүлкінің үштен бірінен жұмсалады. Рамазан айының оразасы үшін марқұмның мұрагері әрбір күнге бір міскінді жарты сағ (1,625кг) болатын бидай не бір сағ (3,25кг) болатын арпа не құрмамен тамақтандыруы керек.

Пікірлер

Галия | 27/05/2017

я 13 лет держу ораза в 2016 году заболела онкологией груди в 2017 году можно мне держать оразу

admin | 19/05/2019

Нужно посоветоваться с врачом. Если позволительно то можно

Гульмира | 17/05/2018

Ауызды айранмен бекитуге бола ма?

admin | 19/05/2019

Әрине, болады.

мухаммед аралбек | 24/05/2018

Салеметсиз бе егер мен 1 кун карным ашканнан ораза устамасам казасын канша кун отеимин

admin | 19/05/2019

Әссәләму ъаләйкум! Ондай жағдайда каффаратын өтейсіз...  Каффарат дегеніміз - бір құлды азат ету немесе екі ай бойы үздіксіз ораза тұту. Бұл екі айда рамазан мен ораза тыйым салынған күндер болмауы керек. Жоғарыдағы орындай алмасаңыз онда 60 міскінді тамақтандыруыңыз қажет. Яғни әр адамға бір фидия көлемінде. Підия садақасы – ол орта есеппен бір адамның күнделікті (таңғы және кешкі) тойып ішетін асы. Оның ең аз мөлшері биыл 1500 (бір мың бес жүз) теңге деп белгіленді Толығырақ: http://fatua.kz/kz/post/view?id=901

Жанат | 26/05/2018

Мен ниет етип ораза устаган едим.Оразанын 4куни жукти екенимди билдим.Енди аузымды ашуым керекпе?калган кундеримди калай отеймин

admin | 19/05/2019

Әссәләму ъаләйкум! Шариғатта құрсақтағы немесе емізулі балаға зияны тиеді деп қауіптенген (жүкті не емізулі) анаға Рамазан оразасын тұтпай, кейінге қалдыруына рұқсат. Дейтұрғанмен, жүкті әйел іштегі балаға зияны жоқ деп ойласа, ораза ұстай беруіне болады. Сахаба Әнәс бин Мәликтен риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у): «...Күмәнсіз Алла тағала сапардағы адамға намазды қысқартып, ал оразаны жолаушыға және жүкті әйел мен емізулі әйелге міндеттемеді...», - деген. Тек, Рамазан айында жүктілік себепті немесе бала емізгені себепті ораза ұстамаған жағдайда, бұл күндерді кейіннен ораза ұстауға мүмкіндік туғанда, қаза етіп өтейді. Және мұнысы «қаза ораза» саналғандықтан, бөліп-бөліп өтеуіне де құқылы...

Мақсат | 26/05/2018

Сәлеметсіздер ме. Ораза тұтып жүріп аурып қалдым. Жамбасқа укол алсам оразам бұзыла ма

admin | 19/05/2019

Сәлеметсіз бе! Алла шипа берсін! Жамбасқа укол алуыңызға болады. Тек салынып жатқан укол тәнге қуат бермейтін болуы шарт.

Роза | 27/05/2018

Сәлеметсізбе! Оразаны етеккір келгенде ұстауға болама? Я ашып жіберу керекпе осыны түсіндіріп беріңізші.

admin | 19/05/2019

Әссәләму ъаләйкум, Рамазан айында етеккірі келген әйел мен босанғаннан кейін қан көрген әйел ораза тұтпайды. Өйткені етеккір мен нифас қаны ораза тұтуға кедергі болады.

Бакытжан | 28/05/2018

Салеметсиз бе? Хаиз кундери ауыз бекитетин уакытка дейин етеккири токтаган деген оймен ауыз бекитип кеин жугып келген уакытта аузын ашу керек пе? Жане сол кундери аузы берик адамдардын козинше ишип-жеу куна болып табылады ма?

admin | 19/05/2019

Әссәләму ъаләйкум, сұрағыңызды дұрыс түсінбедік, қайтадан нақтылап қойсаңыз?

Ақниет | 30/05/2018

Қолмен кір жуып отырып сүйелім қанап кетті,ауыз ашуға бір сағат қалғанда,бірақ аузымды аштым күндегідей·Дұрыс жасамадымба және оразам бұзылдыма?

admin | 19/05/2019

Әссәләму ъаләйкум, оразаңызға оның ешқандай әсері және зияны жоқ, жалғастыра бересіз ин шәә Алла оразаңызды...

Айжан | 01/06/2018

Адам саресине уйыктап калса, танертен турганда миндетти турде жалгастыру керек пе Алде бир кунге ауыз ашып ораза айынан кейн отесе бола ма ?

admin | 19/05/2019

Әссәләму ъаләйкум, сәресіне ұйықтап қалған адам оразаға ниет етіп, ештеңе жеп-ішпестен жалғастыра береді...

Гульнара | 03/06/2018

Можно ли продолжать держать оразу во время менструального цикла?

admin | 19/05/2019

Ассаляму алейкум! Во время менструального цикла запрещается держать пост. Но вы должны продолжить пост после менструального цикла

Айжан | 05/06/2018

Ораза адам жаман сөз айтса, ораза бұзылама?

admin | 19/05/2019

Әссәләму ъаләйкум, жоқ бұзылмайды. Алайда жаман сөз айтқаны үшін өзіндік күнәсін көтереді.

Улмекен | 06/06/2018

Егер әйелге бесіннин кезинде хайз келсе ол адам оразасын жалгастырама алде ауыз ашу уакытын кутеме?

admin | 19/05/2019

Хайызы келген әйелдің оңашада ораза тұтқан сияқты өзін жеп-ішуден тыйылуы харам. Ал көпшілік арасында жеп-ішуден тыйылып, өзін ораза тұтқан адамға ұқсату рамазан айына құрмет көрсету әрі ибалылық саналады.
Бұл жайында шейх Абдуллатиф Салих әл-Фарфур мына қағиданы келтіреді:
وأما في حالة تحقق الحيض والنفاس فيحرم الإمساك لأن الصوم منهما حرام والتشبه بالحرام حرام
Хайз және нифас жағдайларда жеп-ішуден тыйылу харам. Өйткені бұл кезде ораза тұту харам. Харамға ұқсату да харам». («Ас-cыйям фи әл-мәзаһиб әл-арбаға мин әл фиқһ әл-ислами», 109).

Оралхан | 07/06/2018

Оразадағы адамға кешкі ифтардан соң, темекі шегуіне болама (темекіге тəуелді адам), кішкенелеп?

admin | 19/05/2019

Уағалейкум салам! Темекі шегу – харам! Себебі темекі адам денсаулығына зиянды. Алла Тағала: «Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар», - деп бұйырады. Сондықтан ораза кезінде күндіз де, ауызашардан кейін де оны қолдануға болмайды. Темекі шегу – жаман әдет, одан сақтану қажет!

Аян | 08/06/2018

Ассалаумағалейкум Уа Рахматуллахи Уа Баракатух! Сіздерге сұрағым бар еді, ауыз ашарға 5 минуттай уақыт қалғанда ауызымды ашып қойдым уақытын шатастырып. Сол күнгі оразам қабыл бола ма, әлде өтеу керек па?

admin | 19/05/2019

Уағалейкум әссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Бір күн кейін өтеп бересіз

Арман | 09/06/2018

Рамазан айында, күндіз өз қолымен өзін қанағаттандырып қойса ораза бұзылады ма?

admin | 19/05/2019

Иә, бұзылады.

Марал | 04/05/2019

Рамазан айында өзімнің үстімнен xош исті сезінемін, жалпы ол дұрыс жағынан ба?

admin | 19/05/2019

Әрине дұрыс жағынан! 

Жасұлан | 06/05/2019

Ассалаумағалейкум! Менің сұрағым ауызашар кезінде және ауыз бекіту кезінде ораза тұтушының дәрет алуы міндетті ме? Раxмет!

admin | 19/05/2019

Уағалейкум әссалам! Жоқ, міндетті емес! 

Аноним | 06/05/2019

Сіздерден сұрағым келген. Менің досым биыл ораза устап бастады.Алғашқы ауыз бекітуі.. Бірақ ол геморрой ауруымен ауырады... Сондықтан қан кету болады.. Бұл жағдайда Ораза бұзылады ма??? Сұрағымды сайтқа шығармауларыңызды сураймын.. Немесе анонимно шығарыңыздар...

admin | 19/05/2019

Қанның кетуі оразаны бұзбайды. 

Орынгул | 07/05/2019

Ораза кезінде музыка немесе кино көруге болады ма?

admin | 19/05/2019

Әннің де естісі бар есері бар дегендей есті әуен тыңдап, тиым салынған ерсі көріністер көрсетпейтін кино көруге болады. Дегенмен жылына бір-ақ рет келетін ұлы мүмкіндік айын барынша пайдалы әрі сауапты амалдармен өткізуге күш жұмсау керек.

Асланбек | 08/05/2019

Ассалаумағалайкум Аузы берік бауырым Жаттығу кезінде әдейілеп су ішіп қойса кәффарат өтейме?

admin | 19/05/2019

Уағалейкум әссалдам уа рахматулла! Иә, әдейілеп су ішкен болса каффаратын өтейді. 

Лана | 09/05/2019

Ассалаумағалейкум, оразада моншаға аузы берік кезде түсуге болады ма?

admin | 19/05/2019

Уа алайкум салам! Монша ыстық әрі булы болса, макрух.

Онгар | 09/05/2019

Қанның кетуі оразаны бұзбайды дейді. Онда не үшін қыз балаларда *айлық* келгенде оразасы бұзылады...

admin | 19/05/2019

Шариғат үкімі бойынша хайз (айлық) кезде әйелдер ораза тұтпайды. Ал ауру себебімен қан келгенде ораза ұстай береді.

Аноним | 11/05/2019

Досым ораза басында белгілі себептермен (мүмкін сылтау) ораза ұстай алмады, бірақ оразаның қалған күндерін жалғастырып ұстағысы келеді. Бұлай жасауға болады ма және алдыңғы күндердің қазасы қалай өтеледі?

admin | 19/05/2019

Кейінге қалдырмай ниет етіп ораза тұтуды бастасын. Өйткені әрбір балиғат жасына толған, дені сау адамға ораза тұту парыз. Алдыңғы ораза күндерін ауру не сапарға шығу себептерімен ұстамаған болса, оның тек қазасын тұтады, каффарат өтемейді.

Анар | 14/05/2019

Ассалаумағалейкум!Мен ораза ұстауға ниет етіп ұстап жүрдім.Бірақ мен мектептің интернатында оқығандықтан маған ұстауға тыйым салып жатыр!Маған уақытша (сабақ уақыты біткенше 10күн)оразаны тоқтатсам және қарызын өтесем бола ма?

admin | 19/05/2019

Уа алайкум салам! Бұндай жағдайда, әуелі, ораза тұтудың жолдарын қарастыру керек. Сонда да оразаға тұтуға әкімшілік табанды түрде қарсылық білдірсе, сондай-ақ әрі қарай ораза тұту сіздің денсаулығыңызға зиян келтірсе, онда ауыз ашуға рұқсат, қазасын басқа күндерде тұтасыз.

Акку | 15/05/2019

Ораза ұстаған адам, жөтелі басталған кезде спиртпен араластырылған қойдын майын тамаққа жағуға болады ма? Немесе физраствормен ингаляция жасауға болады ма? Осы нәрселер оразаны бұзады ма ?

admin | 19/05/2019

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ішке кірген нәрсе оразаны бұзады», - деген. Тамаққа жағылған май мен ингаляцияның ішке өту қауіпі басымырақ. Сондықтан бұл істер оразаны бұзады деп есептейміз. Мұндай науқастар емделіп, сырқат күндерінің оразасын басқа уақытта өтеп береді.