Қаз Рус Qaz قاز
Таң 07:38 Күн 09:06 Бесін 13:32 Екінті 16:04 Ақшам 17:48 Құптан 19:16

Оразаны жалғастыруды міндеттейтін жағдайлар

01/05/2019 3373 4 Абдуссамад Махат

Оразаны жалғастыруды міндеттейтін жағдайлар

Мына жағдайларда ауыз ашқан адам оразасын қайта жалғас-тырады:

 

1. Таң атса да, таң атқанынан күмәнданып сәресіні ішкен жағдайда. Мысалы, біреу таң атқанынан күмәнданып сәресіні ішті дейік. Біршама уақыттан кейін таң атып қалғаны анықталады. Бұл жағдайда ауыз бекітіледі. Әрі күмәндануы себебінен  кәффарат міндетті болмағанымен, кейін сол күннің қазасы өтеледі. Егер таң атқаны анықталмаса қазасын өтеу міндеттелмейді.[1]

2. Күн батпаса да: «Күн батты-ау»,-деген оймен ауыз ашқан жағдайда.

Осы екі жағдайда, яғни таң атқаны және күннің батпағаны анықталған сәтте ауыз бекітіледі.[2]

3. Ауыз-мұрынды шайып жатып абайсызда ішке су кетсе.[3]

4. Ауыз ашқанға мәжбүрленсе.[4] Мысалы, біреу зорлықпен су ішкізсе.

5. Оразаны ниеттенуді ұмытып, алайда күні бойы ораза ұстаған жағдайда.[5] Себебі, жоғарыда айтылғандай ниеттену ораза дұрыс болудың шарттарына жатады.[6]

Осы жағдайларға сай бір күннен артық оразаның қазасын өтейтін адам қазасын келесі оразаға дейін бөліп-бөліп өтесе де болады. Алайда, неғұрлым кешіктірмей жағдайына қарай тез арада өтегені абзал.[7]

 

 

Абдуссамад Махат

«Нұр Астана» мешітінің наиб имамы

 



 

 

[1]Бұл да сонда.

[2]Бұл да сонда.

[3]Бұл да сонда.

[4]Бұл да сонда.

[5]Бұл да сонда.

[6]«Ораза дұрыс болу шарттары» тақырыбын қараңыз.

[7]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

Пікірлер

Эльвира | 07/05/2019

Салеметсизбе. Мен 2018жылгы ораза карызын отеуге еш мумкиндик болмады. Биылгы ораза да ауыз бекитуге мумкиндик бола ма? Рахмет.

admin | 19/05/2019

Сәлеметсіз бе! Иә, болады. Қарызыңызды кейін де өтеу бересіз.

Инжира | 10/05/2019

Сәлеметсіздерме. Ұстап жатқан оразаларыңыз қабыл болсын! Мені мазалап жүрген сұрақтардың бірі: ауызды уақытынан кеш бекітсе болады ма?

admin | 19/05/2019

Сәлеметсіз бе! Әмин, рахмет! Алла тағала баршамыздың оразамызды қабыл қылсын! Ауызды уақытынан кеш бекітуге болмайды. 

Мико | 15/05/2019

Саресіге тұрып тан намазынын уакытында талып кулап калд тан кіріп койгансон дәрі ішті ары карай оразаны жалғастыруга болама сол күннін.

admin | 19/05/2019

Бұл күннің оразасы қаза болды. Оны кейін ұстап береді. Рамазан айы құрметіне бұл күнді әрі қарай ауыз бекітіп аяқтағаны абзал.

БЕКАРЫС | 29/05/2019

асалаумағалейкум ораза ұстап жүріп ауызды ашпай тіс емдетуге болама ?

admin | 30/05/2019

Негізі қалай емдету, соған байланысты. Мүмкін осы сілтемеден жауабыңызды табарсыз: http://fatua.kz/kz/post/view?id=902