Таң 04:25 Күн 05:53 Бесін 12:24 Екінті 16:45 Ақшам 18:46 Құптан 20:15

Дұғам қабыл болсын десеңіз

190

Дұғам қабыл болсын десеңіз

«Аллаға дұға қылу – мұсылман өмірінде елеулі орын алатын ғибадат. Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала: 

«Егер құлдарым сенен Мен туралы (яғни, Құдай оларға алыс па, әлде жақын ба деп) сұраса: «Мен оларға өте жақынмын. Қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін» - (де)», - деді. (Бақара 2:186)

Дұғаға қатысты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ де көптеген хадистері бар: 

«Ғибадаттың ең абзалы – Алла Тағалаға дұға қылу!» (Хаким)

«Дұға өзі – ғибадат!» (Әт-Термизи, Әбу Дәуд)

«Сақтық – тағдырдан қорған бола алмайды, ал дұға болған да, болмаған да нәрсеге септігі тиеді. Қиямет күніне дейін күреседі (яғни, дұға әрдайым бәлеге қарсы шығып, оны қайтарады)». (Хаким)

«Сіздерден қай-қайсыңыз да Раббысынан барлық қажетін, тіпті үзілген аяқ киімінің бауын да сұрай берсін!» (Әт-Тирмизи)

«Қазаны (яғни, Алла Тағала белгілеген тағдырды) тек дұға қайтарады, ал ғұмырды жақсылық (яғни, жақсы ниет, ізгі іс) қана ұзартады» (Әт-Тирмизи).

«Дұға – бұрын болған бәлеге де, әлі болмаған нәрсеге де септігі тиеді. Әй, Алланың құлдары! Сендердің міндеттерің (Аллаға) көп дұға қылу» (Ибн Омар).

«Кімде-кім Алла Тағалаға дұға қылмаса (яғни, қажетін Аллаlан тілемесе) Алла Тағаланың оған қаһары түседі». (Ибн Мәжә)

«Расында Алла Тағала ерекше Мейірімді, мәңгі тіршілік Иесі, өте Жомарт. Пендесі мінәжат етіп екі қолын көтерсе, Ол оған (яғни, екі қолына) бір жақсылық бермеуге ұялады».

«Адамдардың ең әлсізі – дұғаға әлсіздік еткендер (яғни, қажетін Алла Тағаладан тілеу ісіне селқос қарағандар). Адамдардың ең сараңы – сәлемге сараңдық еткендер». (әт-Тәбәрани, Бәйһақи)

«Мұсылман пенде үш қайтара Алла Тағаладан Жәннәтті тілесе, Жәннәт: «Иә, Тәңірім оны Жәннәтқа кіргіз!» - деп тілейді»

«Дұғада босаңсымаңдар (яғни, Алла Тағаладан көп тілеңдер), өйткені дұға қылумен ешкім апатқа ұрынбайды (яғни, Алладан тілеудің пайдасы болмаса, ешбір зияны жоқ)» (Ибн Мәжә).

Қолымызды жайып Алладан дұға еткен кезде оның қабыл болатынына да үміт етеміз. Алайда дұғаның қабыл болуы оның шарттарының сақталуына да байланысты болмақ. Әлбетте, ниеттің тазалығы мен шынайылығы дұға ететін сәтте өте маңызды.

Әуелі, Алла Тағалаға шынайылық болуы шарт

Дұғаның қабыл болатынына кәміл сену

Дұғада тұрақты болу, оның нәтижесі болмады деп асықпау
Дұға еткен кезде мұқият болу

Қуанған сәтте де, қайғыға тап болған сәтте де Алладан ғана сұрау

Өзгелерге зиянды дүниелерді сұраудан аулақ болу
Жаратушы алдында күнә-қателіктерді мойындап, тәубе етіп, кешірім сұрау

Жаратушы зейіндеген барлық нығметтерді мойындап, мадақтар айту

Барлық қарыздарды төлеу
Жаратушыдан әлдене сұрамақ болсаңыз, үш мәрте қайталап айту

Дұға еткен кезде жүзімізді құбыла жаққа қарату

Ең алдымен, өзіңізге, сонда кейін өзгелерге сұрау
Алла Тағаланың көркем есімдерімен не болмаса істеген ізгі амалдарды айта отырып сұрау

Дұғамыздың қабыл болуының басты шарты киміміз бен асымыздың адалынан болуы

Туыстық қарым-қатынасты үзу секілді тиым салынған дүниелерді сұрауға болмайды
Алла Тағала рұқсат еткен нәрселерді ғана сұрау

Мұсылман жалғыз Алла Тағалаға сәжде қылады. Себебі, бұл - хақиқи ғибадат белгісі. Дұғасында жалғыз Алла Тағаланы зікір етіп, бір Алла Тағаладан тілейді. Бұл – нағыз имандылық.