Tań 04:22 Kún 05:51 Besіn 12:24 Ekіntі 16:46 Aqsham 18:48 Quptan 20:17

Тарауих намазы 20 ма, әлде 8 рәкағат па?

286 azan.kz

Тарауих намазы 20 ма, әлде 8 рәкағат па?

Қазіргі уақытта әр күн  иманның болмаса амалдың әлсіз жеріне пышақ ұратын жаңа бүлікке жолығып отыратын болдық. Соңғы он төртінші жүз жылдықта Ислам үмметі тарауық намазын 20 ракағат етіп оқып жүр. Бірақ, жаңадан қоғамға енген «ағымдар» он төрт ғасыр бойы үммет Пайғамбар(оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) сүннетінен алыстап, ешқандай шариғат дәлеліне негіздемей тарауық намазын 20 ракағат етіп оқып жүргендей, тарауық намазы тек 8 ракағат деп жариялап жүр. 

 

Тарауық намазының құндылығы
 
Абдулла ибн Аммар (оған Алла разы болсын) Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Абдулла ибн Амр арқылы жеткен хадисте: “Ораза мен Құран Қиямет күні құл үшін шапағатшы болады. Ораза тұрып: “Раббым! Тағам мен шаһуаттынан тыйдым, мені ол үшін шапағатшы ете гөр”,-дейді, Құран болса: “Түнгі ұйқысынан бөлдім, мені ол үшін шапағатшы ете гөр”,-дейді. Сөйтіп екеуі шапағаты қабыл болып, ол адамға мейірімге бөленеді”,-делінген. (Байхаки)

Әбу Саид әл- Худри (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Рамазан айының алғашқы түнінде аспан есіктері ашылады да, олардың ешқайсысы Рамазанның соңғы түніне дейін жабылмайды. Рамазан айының кез келген түнінде оқыған намазындағы әрбір жасалған сәжде үшін 1500 сауап жазылады. Және де Алла Тағала оған жәннатта әрбір есігі сарайға апаратын алтыннан жасалып, корундпен әшекейленген 60.000 есіктен тұратын лағылдан үй тұрғызып береді. Егер ол адам Рамазан айының бірінші күні ораза тұтса, оның өткен күнәлары кешіріліп, ол үшін әр күні 70.000 періште таңнан кешке дейін күнәларының кешірілуін сұрайды. Рамазан айында түнде болсын, күндіз болсын жасаған әрбір сәждесі үшін оған жәннаттан ағаш егіледі, оның көлеңкесінен атты адамның өзі 500 жыл дегенде шауып өтеді». (Байхаки. Тағриб)

Салман (оған Алла раыз болсын) былай дейді: «Шағбан айының соңғы күні Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын)бізге былай деді: «Ей, адамдар, ұлы және қасиетті ай жақындады, төбелеріңе көлеңкесі түсті. Бұл айда мың айдан да қайырлы Қадір түні бар. Алла сол қасиетті айдың күндізінде оразаны парыз қылды, түндерінде нәпіл намазын заңды қылды. Бұл айда үлкенді кішілі жақсылық жасаған адам басқа айларда бір парызды орындағандай сауап алады. Бұл айда бір парызды орындау — басқа айлардағы жетпіс парыз болып есептеледі. Бұл  ай – Алла үшін аштық пен шөлдің, құлшылық пен тағаттың машақаттарына сабыр мен төзімділіктің айы. Сабырдың қайтарымы – жұмақ. Бұл ай – жәрдемдесу айы. Бұл ай – мүміндердің ризығын арттыратын ай. Бұл айда кім ораза тұтқан мүмінге аузын ашатын бір нәрсе беретін болса, жасаған бұл  ісі күнәларының кешірілуіне және тозақтан құтылауына себеп болады. Ораза тұтқан адамның сауабы азаймастан соның алатындай сауабына ие болады», -деді».

Бұл хадис  тарауық намазының Алладан келген әмір екендігін білдіреді. Әһли Сүннет ғалымдары бір ауыздан тарауық намазын сүннет деп тапқан.

Пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) және сахабалар (оларға Алла разы болсын) заманындағы тарауық намаз

Ибн Аббас (оған Алла разы болсын)  Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) Рамазан айында  20 рәкағат тарауық намазын оқып, артынан үтір уәжібті оқығанын жеткізеді. (Бахаки және Ибн Аби Шайбаның Мүсәннафы).

Убай ибн Каъб (оған Алла разы болсын) тарауық намаздарында имам болып 20 ракағат және де 3 ракағат үтір намазын оқыған.

Омар (оған Алла разы болсын) имамдарға тарауық намазын жамағатпен бірге 20 ракағат қылып оқуды бұйырған.

 
Ғалымдардың көзқарастары

Имам Қуртуби (оған Алла разы болсын): «20 ракағат таруық намазы мен 3 ракағат үтір намазы – ең сенімді риуаят».

Имам Науаи (оған Алла разы болсын) былай дейді: «Тарауық намазы – бір ауыздан мұсылманның сүннеті. Ол 20 ракағаттан тұрады».

«Соңғы жүз жылдықта ғойр муқалладиндер, яғни ешқандай мазһаб ұстанбайтын адамдар көтерген айқай- шу бұрын- соңды болған емес. Омардың (оған Алла разы болсын) заманынан бері бұл адамдардың тобы пайда болғанға дейін әлемде тарауық намазын 8 ракағат етіп оқыған мешіттер болған емес...»(Мәуләна Хабиб-ур- Рахман Азми)

 
Қауіпті адасушылық

Тарауық намазы 8 ракағат  дегенді жақтаушылар Айша анамыздың (оған Алла разы болсын) Бұхардің жинағанда келген мына хадисін келтіреді: «Рамазан айныда болсын, өзге айларда да болсын Пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) түнгі намазын ешқашан он бір ракағаттан артық оқыған емес».

Бұл келтірген хадисте Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) сегіз ракағат  және үш ракағат үтір уәжібті оқыды деп айтылып тұрса еді, бірақ «өзге айларда да» деген сөз, тарауық намазына емес, тахаджуд намазына қатысты айтылып тұрғанын көрсетеді. Имам Бұхаридың өзі тарауық бөлімінде бұл хадисті басты тақырыбына қоспаған. Осының өзі бұл хадистің тарауыққа емес, тахджудке қатысты екендігіне нақты дәлел болып табылады.

Хазіреті Омар (оған Алла разы болсын) халифа болып тұрған кезінде, тарауық намазы жоғалып кетпес үшін мешіттерде жамағатпен оқуды бұйырған. Ол ракағаттар санын өз ойынан шығарған жоқ. 20 ракағаттан тұратын тарауық намазын Омардың (оған Алла разы болсын) дінге енгізген жаңалығы деп есептеу, Омардың (оған Алла разы болсын) және оған ілескен өзге сахабалардың (оларға Алла разы болсын) беделіне нұсқан келтіру.

_______________

Орыс тілден аударылған Azan.kz