Таң 04:25 Күн 05:53 Бесін 12:24 Екінті 16:45 Ақшам 18:46 Құптан 20:15

Тарауих намаздың уақыты

70519 Абдуссамад Махат

Тарауих намаздың уақыты

Тарауих намазының уақыты – құбтан намазы мен таң ату-дың аралығында.[1] Осы себептен құбтан намазынан бұрын оқыл-ған тарауихтарауихқа жатпайды.[2] Тарауих намазын оқудың ең абзал мезгілі – түннің үшінші бөлігі кіруден бұрын.[3]

Сонымен қатар, тарауих намазын құбтан намазы оқылғаннан кейін үтір уәжіп намазынан бұрын, не болмаса кейін оқу шариғатқа қайшы емес.[4] Осы себептен имам тарауих намазын оқып тұрған болса, мешітке кешігіп келген адам алдымен құбтанның парызын оқып, кейін тарауих намазына тұрады. Бұл жағдайда құбтан намазының сүннәтін тарауих намазының отырыстары арасында оқыса болады. Оқымаса,соңынан үтірден бұрын оқып алады.[5]

 

Абдуссамад Махат

«Нұр Астана» мешітінің наиб имамы

 



[1]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи», «Фатхүл-Қадир», «Әл-Лүбабу фиш-шархил-Китаб».

[2]«Әл-Фиқһ».

[3]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи», «Фатхүл-Қадир», «Әл-Лүбабу фиш-шархил-Китаб».

[4]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи», «Фатхүл-Қадир».

[5]«Әл-Фиқһ».